Ораза айт намазы

Ораза айт намазы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы – бүкіл қоғам имандылық жұпарымен тыныстап, нұрына малынатын кезең. Демек, айлардың сұлтаны Рамазан – Алла тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір белгісі.

         Бейбіт елдің байыпты күнін басынан өткеріп отырған аудан тұрғындары Аса ауылындағы «Бәйдібек» мешітіне жинала бастаған-ды. Алланың үйіне асыққан көпшілікті алдымен мешіттен шыққан уағыз үні қарсы алды.

Бес парыздың бірі – Рамазан айында отыз күндік ораза тұтып, Мейірімді Алланың әмірін орындаған жамағат 28 шілде күні сағат таңғы 800-де орталықтағы «Бәйдібек» мешітіне ораза айт намазын оқу үшін жиналды.

Айт намазына жиналған жұртшылықты аудан әкімі Рүстем Дәулет ораза айтпен құттықтап, елге береке, бірлік, тыныштық тіледі.

Жиналған жамағатқа аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков айт намазын оқып, жамағат намазға жығылды. Мінәжат соңынан ауыл ақсақалы Демеуов Жақсылық бата беріп, көпшілік бір-бірімен көрісті.

Хақтың жолына шынайы ниетте ұмтылған ел еңсесін Алла түсірмесін. Осылайша айт намазына жиналғандар дәстүр бойынша үйме-үй айттауға бет алды.

Ораза айт намазына шамамен 600-дей тұрғындар қатысты. 

Жамбыл аудандық «ЖасОтан» жастар қанаты

ұйымының атқарушы хатшысы Ж.Темірбеков

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: