Ораза айт - ұлық мереке!

Ораза айт - ұлық мереке!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны болған, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де жеттік. Еліміздегі барша мұсылмандар шілденің ыстығына қарамастан, Рамазан айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізді. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды.

Міне бүгіннен бастап Рамазан айы бітісімен үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы - адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке басталды.

Ораза айттың бірінші күні таң атысымен көтеріңкі көңіл-күй, жүздеріндегі қуаныштарымен барша мұсылман баласы айт намазын оқу үшін мешітке асыға келуде. Қала тұрғындарын ұлық мерекемен құттықтау үшін Талас ауданының әкімі Болат Рысмендиевте мекеме басшыларымен бірге аудандық «Қаратау» мешітіне келіп, ұлық мерекемен құттықтады.

 «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсін» деп, дана халқымыз әрбір сөзін өз орнымен айтқан екен. Биылғы жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы барлық мешіттерде ұлық мерекені ерекше қарсы алу үшін мешіт ауласында жамағатқа дастархан жаюды тапсырған болатын.

Міне соған сәйкес аудандық «Қаратау» мешіттің ауласында намазға келген жамағатқа дастархан жайылып, шәууәл айының алғашқы күніндегі дәм халыққа берілді.

Алла Тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, барша мұсылмадарға екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Ораза айты құтты болсын!

Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: