Меркі ауданында өткен Қадір түні

Меркі ауданында өткен Қадір түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қадір түнінің қарсы алдында, ауданға қарасты барлық мешіттерде қызу дайындықтар ұйымдастырылып, әр елді мекенде орналасқан мешіттерде жағдайлары төмен отбасыларға қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Орталық «Меркі-ата» мешітінде мұндай қайырымдылық іс-шаралар кең көлемде өткізілуге негіз бар. Жағдайы төмен 20 отбасына 20 қап ұн, 3 қой сойылып берілді. Екі отбасының сұраныстарына байланысты айтқа арналған дастарханға керек заттар алып берілді.

Мешіт асханасында 300 адамға арнайы дастархан жайылып, ауызашар берілді. Жүз адам сәресі ішіп, таң намазын оқып тарқасты.

Қадір түнінің құрметіне Құран жарысы, діни сұрақ-жауап ұйымдастырылып, көршілес т.Рысқұлов, Қордай, Шу, аудандарынан жарысқа талапкерлер шақырылды.

Құран жарысы тартымды өтті. Бақтарын сынға салған бауырларымыздың ішінен Қордай ауданының азаматы Арбудуев Таһир 1 пара жарысынан  бірінші орын иеленіп, 50,000 тенге жеңіп алды. Негізі Құран жарысына 4 жүлделі орын белгіленген, қалған үш орынға теледидар, микртолқынды пеш, шаңсорғыш және ақшалай сыйлықтар берілді. Бұдан басқа жасөспірімдерге 4 орын, қыз балаларға 4 орын беріліп, бағалы сыйлықтар берілді. Қазылар алқасының мұндай әділ шешіміне келіскен көпшілік өз ризалықтарын білдіріп жатты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: