Ораза айтқа қайырымдылық.

Ораза айтқа қайырымдылық.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазанның соңғы  күндерінде  иісі мұсылман  қасиетті айда жасап үлгермеген игі істерін үлгеру үшін арпалысып жатқанына баршамыз куәміз. Аллаға шүкір аудандық «Қордай» мешіті  де осы айда бірнеше игі істерді  атқарып, соңғы күндерін де бекерге өткізбеуде. Олай дейтініміз аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен және Қ.А. Яссауи қорының демеушілігімен Ораза айт мерекесі қарсаңында   жетімдіктің ащы дәмін  көрген 13 бүлдіршіндерге әрқайсысына 42 000 теңгеден жалпы соммасы 546 000 теңгеге көмек көрсетілді.Ұлық мерекенің қарсаңында  аталмыш отбасыларға осындай  тосын сый жасалынып,  бір қуанып қалды. Аудан бас имамы Ә.Шалбай аталмыш жанұяларды аралап, жағдайларымен танысып, тағы да не істеуге болады деген сұраққа жауап іздеп, ұлық мереке жайлы қысқа да нұсқа уағыз айтты. Аталмыш отбасылар Алла ұлық еткен мейрамға құлшына дайындала түскеніне куә болдық.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: