Сауат ашу сыныбы.

Сауат ашу сыныбы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы тарихта үммет үшін айтулы оқиғалармен табыстармен айрықшаланған ай. Ол ай келешектеде үммет үшін мол табыс,жеңіс,бақ,береке,молшылық әкеледі.Елбасымыз ел тыныштығымен ауызбіршілігін сақтай отыра,үммет ретінде осы жеткен жетістіктерімізді кемелдендіру,дамытуды тапсырды.Ел ішінде соңғы кезде іріткі салып жүрген жат ағымдармен күресуде ел руханиятын күзетіп жүрген имамдарға,молдаларға көп сенім артып,біліммен,парасатпен елді атадан қалған асыл қазынамыз дәстүрлі Ислам дініне насихаттауды міндеттеді.

Діннің де асылы терең білімнен таза пейілден мейіріммен қамқорлықтан қаланған.Сол үшін де діндегі сауатсыздық қатыгездікке,дөрекілікке,бірбеткеймен менмендікке алып келеді.Оның түбі өз білемділігі бар,білімді де білімдіні де бағалай алмайтын радикалды ағымдардың қаптауына себеп болады.Сондықтан олармен күресу тек таза негізге сүйенген біліммен білікті мамандардың арқасында жүзеге асады.

Осы бағытта соңғы жылдары  ҚМДБ көп жетістіктерге жетті.Орта Азияда теңдесі жоқ «Нұр-Мубарак» университеті,әр облыстан ашылған онға тарта  медреселер,ҚМДБ-ның Алматыдағы молдалардың білімін жетілдіру курсы,облыстық мешіттің жанындағы молдалардың білімін жетілдіру курсы т.б

Осы сияқты осы жүйелі жұмыс аудан және ауылдық жерде де жүзеге асуда.Соңғы үш жылда оннан астам университетке,медреселерге жіберген шәкірттерімізді алдыңгы легі елге оралғалы жатыр.Елдің де сауаты көтеріліп,дін ісіне жәрдемдесуді әдетке айналдырғандай.

Осы Рамазанның ішінде аз ғана бір айдан аса уақыт ішінде аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің жанынан евро стандартқа сәйкес сауат ашу сыныбы соғылды.Екі үлкен сыныптан,қысы жазы оқитын жылы еденнен,тақта,парта,шкаф,полкалармен және интернетке қосылған үлкен диоганалды телевизормен қамтамасыз етілген.ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес,жаз-қыс уақытында ұлмен қыздарды бөліп,сауат ашу курсын өткізу,ауыл молдаларының жиналысын өткізу,ішкі саясатпен діни департаментпен және облыстық мешіт басшылықтарымен бірлесе отыра ауыл молдаларына семинарлар,курстар өткізу,ҚМДБ тікелей интернет арқылы онлайн конференция,жиналыстар өткізу т.б оқу ағарту бағытында жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

  Елбасымыздың имамдарға артқан сенімін ақтап,ҚМДБ-ның жүйелеп тапсырған тапсырмаларын орындасақ,ел де рухани өсіп жетіледі.Қоғамда болып жатқан барлық келеңсіз жағдайлар өз жөнін табады.Қазақстан бабаларымыз аңсаған көп ұзамай-ақ адуыңды,рухани тұрғыда кемелденген,материалды тұрғыда байыған өркениетті елдердің қатарына қосылады.

Алла елді аман,жұртымызды тыныш қылсын!

 

Алмас Кенжемолдаев,

Жуалы ауданының бас имамы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: