Рамазан – жомарттық мектебі

Рамазан – жомарттық мектебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өте жомарт жан еді, ал Рамазан айында мүлдем ерекше жомарт болатын. Ол туралы хазреті Айша анамыз (р.а.): «Алланың Елшісі (с.а.с.) өте жомарт болатын. Ал рамазан айында одан да ерекше жомарттық көрсететін», - деген. Демек, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметі болған баршамыз үшін де Рамазан айында ерекше жомарттық танытқандығымыз жөн.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен еліміз бойынша қолға алынған қасиетті Рамазан айының құрметіне өтіп жатқан қайырымдылық шарасынан қалыс қалмай, Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен Рамазан айының барлық күндеріне дерлік 100 ораза тұтушы намазхан жамағатқа тегін ауыз ашарлар берілді.

Сондай-ақ, аталған мешіттің ақсақалдар алқасының ұйғарымымен 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі отбасыға 5 кг – ұн, 5 кг – шекер, 5 кг – картоп, 5 кг – макарон, 5 л – күнбағыс майы, 1 қорап – құрғақ шай,  1 кг – тұз және 3000 мен 5000 аралығында қаржылай көмектер үлестірілді.

Алла Тағала қасиетті Рамазан айында жарыса жасаған ізгі амалдарымыз бен ынтызарлықпен орындаған барша құлшылықратымызды қабыл еткей!

Әлішеров Қуанышбек Әлішерұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: