Мешіттегі ауызашар

Мешіттегі ауызашар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Пайғамбарымыздың хадисінде «Ораза ұстаған кісілерді ауызашарға шақырған адамдарға ораза ұстағандай сауап беріледі»деген. Осы қағиданы бекем ұстанған жамағат шын ықыласымен бес уақыт намазын қаза қылмай, ораза ұстауды парыз санаған. Әрі шамасы келіп жатса, ораза ұстағандарды ауызашарға шақыруды да ұмытпаған.

Ораза айының жетінші күні аудан орталығындағы «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Әмірбековтің ұйымдастыруымен мешітке келуші жамағат, ауыл тұрғындарына ауызашар берді.

Ауызашарға келген 50-60 адам бас имам Ғайырфулла Қуанышбекұлы бастаған мешіт жамағатына ризашылығын білдірді. Дастарханнан дәм татқан кісілер әруақтарға бағышталған құранға қол жайды.

Дүсенбек Орманов

Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: