Қадыр түнінің сауабы мол.

Қадыр түнінің сауабы мол.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше мың айдан артық қасиетті Рамазан айының Қадір түні болды. Бұл түннің басқа түндерден ерекшелігі  мол. Осы түнде Алла Тағала жер бетіне мейірімділік бөлейді. Осындай үлкен қадірге ие түнде Мойынқұмдықтар құлшылықпен Алладан дұға тілеп өткізді.

Аудан орталығында мешітте жастардың қарасы көп болды. Ауданның бас имамы З.Исаев жиналған жамағатқа жалпы Қадыр түнінің сауабы туралы уағыздар айтты. Сондай-ақ мешітке жиналған жамағат теледидардан түрлі уағыз-нсихаттар тыңдады.

Сонымен қатар аудан әкімі Б.Мәдікенов жиналған жамағатқа Қадыр түнінде тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деп, бпршаңыздың от-басыңызға амандық, Ислам дінінің көркейіп, нығая беруіне, еліміз аман, жұртымыз тыныш ауызбіршілікте болып, келесі Рамазан айына аман-есен жетуімізге тлегін білдірді.

Аудан әкімінің сөзінен кейін жамағат құптан намазына сапқа тұрып, ода кейін тарауық намазын оқыды. Намаз оқылып болған соң, ауданның бас имамы жастар арасында Құран сүрелерін оқудан жарыс ұйымдастырды. Жарысқа 13 бала қатысып, ауданның бас имамы З.Исаев Пайғамбарымыз (с.а.у)-Сіздердің жақсыларыңыз Құранды оқып, оны басқаларға үйреткендеріңіз-дей келе жарысқа қатысушыларға, келешекте бұданда үлкен деңгейде корінулерін тілеп, қатысушы 13 балаға 1000 тенгеден ынталандыру сыйлықтарын берді.

Қадыр түніне аудандық мешітке шамамен төрт жүзге жуық жамағат қатысты. 

Т. Сарыбаев

 

Ауыл әкімі ауызашар берді.

 

Қасиетті Рамазан айыда аяқталып келеді. Осы айдағы ізгі шаралардың бірі ауызашар Қылышбай ауылының әкімі Мұқашов Мәлік мырзаның ұйымдастыруымен сол ауылда «Ратқұл ата» мешітінде ауызашар берілді.

Ауызашарға аудан имамы Исаев Зият қатысып, бұл кеш Қадыр түніне қарасты уақытқа сәйкес келді, өте маңызды шара -деп білдірді. Қадыр түнінің ерекшелігі мен маңыздылығы туралы және бұл түннің мың айдан да артық екендігі, осы түні көктегі періштелер жерге түсіп, таңға дейін сәлем жалғасады деп,  аудан имамы жамағатқа жан-жақты уғыз айтып кеңінен түсіндірді.

Ауыл ақсақалдарының төрағасы Маралбаев Ұзақбай қария Қадыр түніне арнап өлең шумақтарын оқып, ауыл әкімі М.Мұқашов мырзаға осы шараны ұйымдастырғаны үшін, ауыл қариялары атынан үлкен алғыс білдірді.

Ақсақалы бар ауылдың-Алтын бесік қазына екені, халыққа мәлім екені және бір дәлел екенінің айғағы болды.

Т.Сарыбаев

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: