Қайырымдылық қарымы.

Қайырымдылық қарымы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы Рамазан айын тәуелсіз еліміз, мешіттеріміз үлкен игі іс-шаралармен, атап айтар болсақ түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырумен  өткізуде.

Жыл сайын  «Һибатулла Тарази» орталық мешіті жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектер мен көп балалы аналарға, мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуді дәстүрге айналдырған. Биылғы жылы да бұл көрініс өз жалғасын тауып жатыр.

Жамбыл облысының бас имамы Жұмабаев Данияр қажының бастауымен, айлардың сұлтаны Рамазан айында келетін қасиетті Қадір түні қарсаңында «Оразадан байғазы, Қадір түнінен қайырым» атты акциясы бүгін өз жұмысын бастады. Осы акция бойынша  Данияр қажының және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жағдайы төмен 50 отбасыға  қайырымдылық көрсетілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері бүгін  жоғарыда аталған отбасыларға азық-түлік және қажетті өзге де заттарды үйлеріне жеткізіп берді.

Азық-түлікпен қамтамасыз етілген отбасылар мешіт қызметкерлеріне және бас имамға өз ризашылықтарын білдірді.

Лаура Алмаханова,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: