Қадір түнінің құрметіне жасалған қайырымдылық

Қадір түнінің құрметіне жасалған қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің имамдары  Рамазан айының басында  кең көлемдегі қайырымдылық жасағаны баршаңызға мәлім. Міне  жомарттық айында да бұл іс өз жалғасын тапты. Олай дейтініміз аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен  қасиеті мол Қадір түнінің құрметіне  әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған отбасыларға, жетім балаларға жалпы 20 отбасына көмек  ретінде азық-түлік  таратылды. Азық-түліктен жасалған қайырымдылық әр отбасына 50 кг ұн, 5 литр сұйық май, 5 кг қант, 5 кг күріш, 5 кг макарон және 5 кг еттен құралды. Ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай  қайырымдылық көрсеткен отбасыларға Рамазан мен Қадір түнінің қасиеті жайлы қысқа да нұсқа түсіндірме жүргізіп, бұның баршасы Алланың қалауымен, жаны жайсаң бауырларымыздың  көмегімен екенін  көркем уағызбен түсіндірді. Көмек алған азаматтардың қуаныштары мол, алғыстары шексіз болды. Раббымыз бір-бірімізді қуантып, жақсылықтар жарысуда нәсіп қылғай!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің

Наиб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: