Сауапты іске студенттер бастамашы болды.

Сауапты іске студенттер бастамашы болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылар құрамы мен 30 студенті Тараз қаласының көркін ашып тұрған тамаша ғимараттардың бірі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ауласына жиналды. Мұндағы мақсат – қасиетті Қадір түні қарсаңында имандылық үйінің  аула  тазалығына тамшыдай болса да үлес қосу. Иісі мұсылман жұртына мешітке қызмет ету қасиетті де сауапты іс саналатындықтан, жүрегінде иманы, аузында Алласы бар жастар бұл тазалық жұмыстарына өз еріктерімен құлшына араласты.  

Ыбырай Данияр мырзаның жетекшілігімен «Жасыл-Ел» бағдарламасы бойынша студенттер мешіт ауласын сыпырып, шөптерін жұлып, қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Мешіт ауласы бұрынғыдан да ажарланып, ерекше күйге бөленгендей әсер қалдырды.

Аталмыш жоғарғы оқу орнынан сауапты істі атқаруға келген 30 қыз баласына және осы іске бастамашы болған Ыбырай Данияр мырзаға  орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы және мешіт қызметкерлері өздерінің алғысы мен  ризашылықтарын  білдірді.

Мұндай сауапты іске белсене кірісіп жатқан жастарға Алла разы болсын және қасиетті Рамазан айында  жасаған сауапты істері еселене берсін деген тілектеміз.

Лаура Алмаханова,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: