Қасиетті Рамазанда мектеп оқушыларына қайырымдылық жасалды.

Қасиетті Рамазанда мектеп оқушыларына қайырымдылық жасалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғабарымыз(с.а.с.): «Жетімдердің, кедейлердің тіршілігін өз мойнына алған адам, Аллаһ жолындағы мүжаһид сияқты болады немесе күндіз ораза тұтқанның, түнде ғибадат еткеннің сауабына қауышады» деп барша мұсылмандарды жәрдемге мұқтаж болған жандарға қолымыздан келген жәрдемді көрсетуімізге шақырады.

Міне бүгін қасиетті Рамазан айының 22 жұлдызында сондай қайырымды істердің бірі аудандық «Қаратау» мешітінің ұйымдастыруымен «Мүбәрак Рамазан» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шараға Талас ауданы әкімінің орынбасары С.Дадабаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Жақсылық және аудан әкімдігі білім бөлімінің қызметкерлері  қатысып жиналған көпшілікке қасиетті Рамазан айындағы осынау игі шараның маңыздылығына тоқталып, оның төл дінімізде де сауапты амал екендігін айтып өтіп игі шараны ұймдастырған аудандық «Қаратау» мешітіне ризашылықтарын білдірді.

Аталмыш шарада Қаратау қаласындағы мектеп оқушыларының арасынан жетім және көпбалалы жанұялардың балаларына барлығы              24 балаға мектеп сөмкесі мен оқуға қажетті құрал саймандар алып берілді.

Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: