Мүбәрак Рамазан

Мүбәрак Рамазан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Берекеті мен сауабы мол болған қасиетті Рамазан айы барша тіршілік иесіне Алланың қамқоры мен мейірімін әкелді. Рамазан – ораза  айы, рамазан – тарауих намазы айы, рамазан – садақа айы, рамазан – жомарттық айы.

Рамаз айының алғашқы он күні рақымдылық, ортасы кешірім және соңғы он күні тозақ отынан құтылуға себеп болатын қасиетті айдың  үшінші он күндігі басталып та кетті. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір құрманың жартысын садақа етіп берумен болса да, тозақ отынан сақтаныңыздар. Егер сіздерден біреу бұны да жасай алмаған болса, ең болмағанда бір мұсылман бауырын қуантатын сөз айтсын» деген болатын.

Міне аудандық «Қаратау» мешітінің ұйымдастыруымен орталық мешітте әлеуметтік жағдайы төмен 40 отбасыға азық-түлікті табыс етілді.

Алла Тағала барша мұсылмандарға ауызбіршілігін, бір-біріне деген мейірімді және кешірімді болуын тіліейміз.

Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: