Құран сүрелерін мәнерлеп оқу және жатқа айтудан жарыс өтті

Құран сүрелерін мәнерлеп оқу және жатқа айтудан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл сайын  Рамазан айының құрметіне «Байзақ баба» мешітінің жамағатының ұйымдастыруымен  мектеп оқушылары арасында Құран сүрелерін мәнерлеп оқу және  жатқа айтудан жарыс өткеріліп тұрады. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, сәрсенбі күні «Байзақ баба» мешітінде өткерілді.

  Сайыс басталар алдында   аталмыш мешіттің бас имамы Рамиз қажы Азизов   сауат ашу курсын тамамдаған 50 жеткіншекке Алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтарын табыс етті. Осы талапкерлердің 20-сы Құран сүрелерін мәнерлеп оқу және жатқа айтудан  өзара сынға түсті.Алды бірінші сыныпты, соңы 7 сыныпты бітірген талапкерлер  ішінде  Н. Киікбаев мектебінің  оқушысы  Әбдінұр Болатжан 21 сүрені,  ал Нұрсұлтан Азимбаев 18 сүрені жатқа айтудан алдына жан салмады. Сөйтіп қос талапкер бірінші орынды жеңіп алды, оларға су жаңа велиосипед табыс  етілді.  Қалған талапкерлер Нұрлатбек Азимбаев, Бауыржан Алмат, Ануар Махмудов, Лесбек Рахат, Жамберген Халнияз екінші орын тұғырынан көрінді.

“Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің” және “Кімде-кім Аллаһтың кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді” делінген екен  хадисте. Құран Кәрімнің сүрелерін қастерлей білген қатысушылардың барлықтарына мешіт жамағатының демеушілігімен діни кітаптар,   Алғыс хат және  сый-сияпаттар табыс етілді.

Мұндай жарыстар Қостөбе ауылдық округіне қарасты “Ән Нағым»,  “Аймантөбе”, Дихан,Суханбаев ауылдық округтеріндегі имандылық ордаларында  өтті.

*                     *                    *

Айлардың  сұлтаны Рамазан айы басталғалы “Байзақ баба” мешітінің ұжымы  ауыз бекіткен  жамағатқа ауызашар беріп келеді. Күніне  15-20 жамағатқа дастархан жайып қана қоймай, тарауих намазының алдында  ата дініміздің міндеті, рамазан айының артықшылықтары, Құран Кәрімді оқу, намаздың маңызы жөнінде уағыз айтылуда.

Ауыз ашар негізінен   ораза тұтып, рамазан айын қадірлеген  тұрмысы төмен отбасыларға,   ардагерлер мен жалғызбасты қарттарға берілуда.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: