Қордай жеріндегі кең көлемдегі ауыз ашар

Қордай жеріндегі кең көлемдегі ауыз ашар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала ерекшелеген қасиетті Рамазан айында барша иісі мұсылман жұрт зор мүмкіндіктен қалыс қалмайын деп Раббымыз нұсқағандай  жақсылықта жарысуда. Қордай діндарлары бұл жарыста қалыс қалмай ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Е.Малғажыұлының Рамазан айына байланысты берілген тапсырмаларын бұлжытпай орындауда. Бүгін осы іс-шаралардың тағы бір көрінісі болды. Аудандық «Қордай» мешітінің  ұйымдастыруымен елімізге танымал,  Қордай жерінің тумалары  Омаровтар әулетінің демеушілігімен аудан орталығында 350  адамға арналып ауыз ашар берілді.

Аталмыш ауыз ашарға мемлекеттік қызметкерлер, шекара және кеден қызметкерлері, аудан ақсақалдары, мұғалімдер мен дәрігерлер, зейнеткерлер және қатардағы жамағат шақырылды. Мейрамхана лық толды. Ауыз ашар кешін өткізуге арнайы майталман ақын Серік Қалиев шақырылып, Серік ағамыз өз өлеңдерімен, ұлағатты сөздерімен мерекелік кештің сәнін келтіре кетті. Беташар сөз Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайға беріліп, Әбдужалил мырза ораза жайлы әсерлі уағыз айтып, жамағаттың көңілінен шықты. Келесі болып, мемлекеттік мекеме басшысы, дін жанашыры Б.Байтөле сөз алып, осындай кең көлемдегі ұйымдастырылған ауыз ашарға шынайы ризалығын білдіріп, бұл іс өзгеге үлгі болар сауапты амал екенін тілге тиек етті.

Кештің тағы бір қонағы «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының директоры М.Тазабековке сөз берілді. М.Тазабеков ораза айының қасиеттілігі жайлы, пітір садақасының маңыздылығы жайлы және ораза айындағы нәпсіні тәрбиелеу мен алтындай уақытты бос кетірмеу жайлы әсерлі уағыз айтып, жамағат жадырап қалды. Дастархан басында қасиетті Құран оқылып ақсақалдар бата берді. Іс-шара аяғында барша жиналған қауымға ҚМДБ сараптамасынан өткен кітаптар таратылды.

Аудандық «Қордай» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: