Лаңкестік пен діни экстремизмнің алдын алу шаралары жасалды.

Лаңкестік пен діни экстремизмнің алдын алу шаралары жасалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданында лаңкестік пен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресу тақырыбында кездесу өтті.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі К.Кашкимбеков сөз бастап, Жамбыл облысының аумағындағы ланкестік пен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресуге көмек көрсету мен ықпал ету мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі тарапынан арнайы ұсыныс пен тапсырмалар келген айта келе, Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаевқа сөз кезегін берді.

Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев өз сөзінде аудандағы лаңкестік пен діни экстримизмнің алдын алу және онымен күресу бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталып, нақты «діни экстремизм» ұғымын түсіндіріп кетті. Сонымен қатар ислам дініне қарсы теріс ағымдар туралы айтыпда сөз етті.

Кездесу барысында №12 ӨСБ бастығының уақытша міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Б.Абдуллаев, бөлімше командирі, өртке қарсы қызмет сержанты С.Толсыбеков, өртке қарсы қызмет старшинасы А.Нұрланов діни экстримизмге қатысты сұрақтар қойып, нақты жауап алып, айтылып отырған бастамаға ерікті түрде қаржылай демеушілік көмек көрсетейік деген ойларын жеткізді.

 

 

Ж.Бекбенбетов,

Мойынқұм ауданы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: