Т.Рысқұлов ауданының әкімі ауызашар берді.

Т.Рысқұлов ауданының әкімі ауызашар берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза – тәннің зекеті, сабырдың жартысы, нәпсінің тізгіні дейді. Осыны зейініне тоқыған мұсылман қауымы қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, Аллаһқа құлшылық етуде. Ал, ауыз бекіткен адамдарға құрмет көрсетіп, ауызашар беру – сауапты іс. 

Жылдағы дәстүрге сай Т.Рысқұлов ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов  «Шаңырақ» мейрамханасында бес парыздың бірін орындауға ниет білдірген, қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берді. Оған ауыл ақсалдары, зиялы қауым және бөлім, мекеме басшылары қатысты. 
Ауызашарға жиналған жамағат ақшам намазы оқылғаннан кейін бір-біріне «қабыл болсын» айтысып, ауызашты.

Аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы  меймандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, дастарханға дұға жасады, имандылық турасында уағыз айтты. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы Аллаһ Тағаланың мейірім нұры жауатын, сабырлыққа шақыратын кешірім ай екеніне кеңінен тоқталған «Сұлтан » мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп  қажы Джадраев марқұмдарға құран бағыштады және имандылық үйіне қамқорлық көрсетіп жүрген аудан басшысына жамағат атынан разылығын жеткізіп, Жаратушыдан шарапат тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: