16.07.2014. Шу қалалық «Жами» мешітінде ауыз ашар берілді.

16.07.2014. Шу қалалық «Жами» мешітінде ауыз ашар берілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шырайлы Шу өңірінде қасиетті айда жамағатқа ауыз аштыру амалы өз жалғасын табуда. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Рамазан – бұл сабыр айы. Сабырдың сыйы болса – жәннәт».

Кімде-кім бұл айда ораза ұстаған бір адамға ауыз аштырса, бұл амалы күнәларының кешірілуіне себеп болып, ораза ұстаушының сауабындай сауапқа ие болады.

Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жұма намазына келетін ораза ұстаған қарияларға мешіт атынан ауыз ашар берді. Ауыз ашарда қала имамы жиылған жамағатқа оразаның қасиеті, ауыз ашардың сауабы жайлы тартымды уағыз айтты. Соңынан қала  имамы әруақтарға Құран оқып, дұға қылды.

 

Шу қалалық«Жами»

мешітінің  баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: