Ауызашар беру – сауап іс.

Ауызашар беру – сауап іс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс әкімі К.Көкірекбаев Тараз қаласындағы «Сәтті» мейрамханасында әр өңірден ауыз бекіткен жамағатқа арнап ауызашар берді. Шараға соғыс және еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, облыстық мекеме басшылары, ұлттық мәдени орталықтар, жұртшылық және БАҚ өкілдері шақырылды.

ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, облыстың бас имамы Данияр қажы Әлимұхаммедұлы Құран  бағыштады. Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы жиылған қауымды айлардың сұлтаны – Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртаза осынау сауапты іске бастамашы болған облыс әкіміне алғысын айтып, дастарханға ақ батасын берді. Жиналғандар дастархандағы дәмнен ала отырып, облыстың бас имамы Д.Жұмабаевтың уағызына ден қойды. Жуалы ауданынан еңбек ардагері Болатбек қажы Қайыпбеков және Талас, Байзақ ауданынан келген қариялар сөз алып, қасиетті айдың ерекшелігін, елдегі ынтымақ пен береке-бірлік жайын сөз етті.

***

Жуалы ауданының әкімі Б.Құлекеев «Автобекет» мейрамханасында ауданның ауыз бекіткен жамағатына арнап ауызашар берді. Оған барлық ауылдардан ораза ұстаған қадірменді қариялар, апа-әжелер, соғыс және еңбек ардагерлері, мекеме басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары шақырылды.

Ауызашар дастарханына ауданның бас имамы А.Кенжемолдаев бата берді. Жиналған қауымды Рамазан айымен аудан әкімі Б.Құлекеев құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Дастархан басында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мұратай, еңбек ардагерлері, ауданның қадірменді қариялары Ә.Ергебеков, Р.Сатаев, К.Құрмашев т.б. сөз алып, қасиетті Рамазан айының шапағат-шуағы жөнінде әңгіме өрбітті, жамағаттың басын қосып, ауызашар ұйымдастырып отырған аудан басшылығына алғыстарын жеткізді.

 

Қ.Үмбет.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: