Мойынқұм ауданындағы қайырымдылық іс-шаралар.

Мойынқұм ауданындағы қайырымдылық іс-шаралар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазанайында, шілденің 12 күні Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаевтың ұйымдастыруымен көп балалы отбасыларға және жалғыз басты анаға азық-түлік пен қайырымдылық жасалды.

Төрт  отбасыға 5 кг ұн, 1л сұйық  май, 1 кг қант, 1 пәшкі шәй, 2 кг макарон, 1 л сүт және тәтті нандар үлестірілді.

Қайырымдылық жасалған отбасылар мешіт қызметкерлеріне Рамазан айындағы ұстаған оразаларыңыз, істеген қайырымдылықтарыңыз қабыл болсын деп, шынайы ризашылықтарын білдірді.

Араға бір күн салып, Мойынқұм ауданының тұрғындары, ағайынды Исмайлов Сәкен және Нұркен өздерінің отбасы атынан ірі қара сиыр малын Рамазан айының құрметіне орай мешітке тапсырды.

Аудандық мешітінің бас имамы З. Исаев Исмайловтар әулетіне Рамазан айында жасаған игі істеріне береке, отбастарына амандық, кәсіптеріне табыс тілеп Құран оқып, дұға жасады.

Ауданның бас имамы З. Исаевтың ұйымдастыруымен  ағайынды Сәкен мен Нұркеннің мешітке берген сиыры сойылып, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалалы, барлығы 25 отбасына таратылып берілді.

 

Т. Сарыбаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: