Аудан әкімі ауызашар берді.

Аудан әкімі ауызашар берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптаның қасиетті жұмасында, Мойынқұм ауданының әкімі Болат Мәдікенов аудан орталығындағы «Жанар» мейрамханасында ауыз бекіткен бір топ азаматтарға ауызашар берді.

Ауызашарға Хантау, Бірлік, Қызылту, Қызылотау, Мойынқұм, Қылышбай, Қарабөгет ауылдық округтерінің әкімдері бастап, бірнеше ауыз бекіткен  азаматтар келіп, қатысты.

Алланың разылығы үшін ауыз бекіткен жандарға жайылған ақ дастархан жиналғандарды  аудан әкімі  Мәдікенов Болат мырза қасиетті  Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін білдірді.

Келесі құттықтау сөзде Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Исаев қасиетті Рамазан айы баршаңызға мубарак болсын деп, бұл айда жасалатын жақсылықтардың сауабы он  еседен жеті жүз есеге дейін артатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, зейнеткерлер Қоспан Ибраев, Ұзақбай Маралбаев, Әскербек Нұрмайылов, Орынбай Нұрлыбаев, Зоя Архаева  сынды азаматтар өздерінің жақсы тілектерін айтып, осындай ауызашарды ұйымдастырғаны үшін аудан басшысы Болат Асқарәліұлына алғыстарын жеткізіп,  жұмысына  табыс тіледі.

Ауызашар соңында Күлді Манас қажы Еркебаев бата беріп, ауданның бас имамы Исаев Зият мызра Құран бағыштады.

Ел басқарып отырған атпал азаматтарымыздың осындай ізгі амалдарына Жаратқанның  разылығы болсын деген тілектеміз!

Мойынқұм аудандық мешітінің

 баспасөз қызметі.

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: