«Сұлтан» мешітінде Құран жарысы өтті.

«Сұлтан» мешітінде Құран жарысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміз бойынша үлкенді-кішілі мешіттерде жиі болмаса да, сауат ашу курстарының шәкірттері арасында Құран жарысын өткізу үрдіске айналған.

Т.Рысқұлов ауданында  да екінші рет өткізіліп отырған жарысқа ауыл-ауылдардан іріктеліп, сонда көзге түскен шәкірттер келді. Іріктеліп деуіміздің жөні бар. Әр ауылдағы  мешіттердің сауат ашу курстары мектеп оқушыларын жазғы демалысқа шығысымен өздеріне тартып, бір айдан астам дәріс берді. Алла Тағалаға сансыз шүкірлігіміз болсын, жас балаларымыздың дінге деген ынта-ықыласын күшейтіп, зейінін арттырған. Осы қысқа мерзімде балалар діни сауатын ашумен қатар бірнеше сүрелерді жаттап, Ислам тарихынан да аз-кем мағлұмат алып үлгерді. Биылғы жылы  Құран жарысы  қасиетті  Рамазан, Құран түскен айда болып отыр.

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы  «Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Сендердің жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны басқаға үйреткендерің» деген хадиске амал ету мақсатында, аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде  Құран жарысы өтті. Жарысқа  34 үміткер қатысты. Құран оқу жарысы мәнерлеп оқу және жатқа оқу бойынша өтті. Мәнерлеп оқу байқауы бойынша 7 үміткер, жатқа оқудан 27 үміткер бақ сынасты.

Бұл бәйге ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының кіріспе сөзімен және Тереңөзек ауылындағы «Таңат» мешітінің молдасы Дадабаев Тілеужанның Құран кәрім сүрелерін оқуымен ашылды.

Жарыстың әділқазылар алқасын облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінің аға ұстазы Какмамбетов Асхат Аманжолұлы басқарды. 

Жарыс қорытындысы көпшіліктің алдында шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар салтанатты жағдайда табыс етілді. Мәнерлеп оқудан бірінші орынды Шарапудиннов Гумар, екінші орынды Райбай Елдос, үшінші орынды Толесбай Ерғали иемденді. Сондай-ақ жатқа оқудан бірінші орынды Сақы Ғазиз, екінші орынды Қожамжар Болат иеленсе, үшінші орынды Амантай Жолдас қанжығасына байлады.

Сайысқа қатысушылар сонымен қатар бағалы сыйлықтармен де марапатталды. Жарысқа қатысушылардың ешқайсысы да жүлдесіз қалмады. Олардың әрбіріне жайнамаз, Құран Кәрім мен «Көкжиек» баспасының  кітаптары  таратылды.

Алланың сөзін дәріптейтін осындай жарыстар жылдан-жылға өз жалғасын таба берсін!

 

 Мейірханов Әбілда,

 әскери зйнеткер.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: