Қартын сыйлаған ел бақытты.

Қартын сыйлаған ел бақытты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамда жанымызға батар түрлі оқиғалар орын алуда. Бүгінде Қазақстанның бүкіл қалаларында жұмыс істеп тұрған қарттар үйі сол көп қасіреттің бірі дер едік.

Қарты бар үйдің қазынасы бар деген қазақ, қашан да қартын ардақ тұтқан  халық. Қартын сыйлаған, анасын ардақтаған ел азбайды да тозбайды. Ондай үрдісті біз ұрпақтан ұрпаққа жалғап, сабақтастырып отырсақ, ұтарымыз көп. Қасиетті Рамазан айында «Һибатулла Тарази» мешіт-медресесі Тараз қалалық №1 Қарттар үйінен 13 және №2 Қарттар үйінен 15 адам шақырып, әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған жалпы саны  28 адамға ауызашар  беріп, осы дәстүріміздің тағы бір озық үлгісін көрсетті.

Ұлы Жаратушымыз өзінің кәләмі қасиетті  Құранның «Исра» сүресінің 24-аятында: «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!», - де», - деп Жаратқанға олар үшін жалбарыну керектігін ескертеді.

Қазыналы қарттар үшін жасалған құрметтің  бір белгісі  ретінде сыйға діни кітаптар мен силықтар берілді. Қарт кісілер үшін арнайы ұйымдастырылған бұл ауызашарға жиналған қариялар өздеріне көрсетілген құрмет пен ізгілік үшін облысымыздың орталық мешітіне өз алғыстарын айтып, дән риза болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің  наиб имамы Жапек Ғалымбек мырза ораза қабыл болсын деген  жүрекжарды тілектерін айтып, қарттарға зор денсаулық тілеп, Құран оқып,  дұға жасады. 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешіті өткен жылы да қарттар үйінің  адамдарына  ауызашарды  ұйымдастырған  болатын.

Лаура Алмаханова,

журналист. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: