Бас дәрігер ауызашар берді.

Бас дәрігер ауызашар берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айы барлық айлардың сұлтаны ғана емес, қайырым және  өнегелі істерге толы береке айы.  Сауабымызды еселейтін, күналарымыздың кешірілуіне себеп болатын  құтты айда әр мұсылман баласы  осы мүмкіншілікті жібермей, Ұлы Жаратушымыздың  разылығын, ауызаштырып көпшіліктің  рахметін алуды қалайды.

Меркі ауданының бас дәрігері Керімбайұлы Мұхит бауырымыз ауданға келгелі 2 жыл ішінде өзін иман жанды азамат екенін көрсетті. Келген жылы ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы, «Меркі-ата» мешітінің іс-басқарушысы Беделбаев Амангелді қажымен көршілес ауданнан қызмет бабымен келген азаматқа батамызды беріп, жүздесейік деген ниетпен кездесу ұйымдастырып, қайтқан жай болған.

 

Халық айтса, қалып айтпайды деген нақыл сөз шындыққа айналып, ауданда денсаулық саласындағы жұмыстар оң нәтижесін тауып, біраз жұмыстар атқарылып жатқандығын естіп жүрміз.

Қуантарлық жай, орталық мешітке келіп, мешіт жамағатына ауыз ашар берсем деген ниетін жеткізуге келген екен. Әңгіме барысында жолдасы екеуінің ораза ұстап жүргендігіне 10 жыл болғанын жеткізді.

Халқымыздың мақтанышына айналған сүйікті Астана күні қарсаңында,  Орталық «Меркі-ата» мешітінің асханасында  Мұхит бауырымыз 100 адамға арнап дастархан жайып, ауызашар беріп, сауапты амал жасады. Бұл да болса Мұхит Керімбайұлының көрегендігі деп білеміз.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

аудандық «Меркі-ата» мешітінің

баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: