09.07.2014. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты «Әзірет Әли» мешітінде қатым дұғасы жасалды.

09.07.2014. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты «Әзірет Әли» мешітінде қатым дұғасы жасалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажының тапсырысы бойынша медресе ұстазы шейх Юнус Хусеин Субхи «Әзірет Әли» мешітінде бастаған қатым Құранды аяқтады.

Аталған шараға қатысқан бас имам  Данияр қары жамағаттың он екі күн бойы тік тұрып көрсеткен Құранға деген құрметіне алғыс айтып, «Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Кімде-кім қатымның дұғасына қатысса, аспаннан Аллаһтың бұйрығымен жетпіс мың немесе одан да көп періштелер түсіп оған истиғфар айтады», - деген хадисінде баяндалғандай, сіздердің де бүгінгі дұға-тілектеріңіз қабыл болып, отбасыларыңызда тек қуаныш болсын!», - деп ыстық ықыласын білдірді.

Намаздың соңында жасалған дұғадан кейін мешіт жамағаты Юнус Хусеин Субхи ұстазға алғыстарын жаудырып, әжелер үстіне шапан жапты.

 


Бақытжан Сабыралиев,
«Нұр-Мүбарак» университетінің студенті,
«Һибатулла Тарази» мешітінде тәжірибеден өтуші.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: