Қордай мешіттерінің Рамазанға дайындығы

Қордай мешіттерінің Рамазанға дайындығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны Рамазанға деген дайындық Бас  Мүфти Е.Малғажыұлының   тапсырмасына сай Қордай жерінде  кең көлемде өтті. Аудандық «Қордай» мешіті  бірталай ізгі істердің мұрындығы болса, шалғай ауылдардағы мешіттерімізде аудан бойынша алған жақсы үрдістен қалыс қалмайды.

Міне сол істердің тізбегін айтсақ  Кенен ауылындағы «Кенен» мешітінде Рамазан айының алдында күрделі жұмыс жүргізіліп, жылу беру жүйесі жаңартылып, іші сырты әрленіп, жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілді. Отар ауылдық «Атамқұл» мешітінде   су жүйесі жаңартылып, жаңа су бұрғымасы орнатылды.

Рамазан айында ауыз ашар өткізуге бастырма салынды. Мешіттің сыртқы шарбақтарына Рамазан, мейірімділік, бауырмашылдық жайлы хадистер ілінсе, Отар ауылының авто бекетінде «Қош келдің Рамазан» атты билборд ілінді. Алматы-Бішкек халықаралық жол бойында орналасқан кішігірім Алға ауылындағы «Омар» мешітінің имамдары да қыруар шаруа атқарды. Ауылдағы барлық кәсіпкерлерге Бас Мүфти Е.Малғажыұлының Рамазан айымен құттықтауын таратып, Бас Мүфти үндеуін  түсіндіріп, ислами кітаптар таратты.

Мешіттің жан-жағына Рамазан айы жайлы хадистер жазылған және құттықтау баннерлерін іліп қойған. Сортөбе ауылдық «Хамид бен Бадый» мешіті Рамазан айында сауат ашу курсының шәкірттеріне  ауыз ашар ұйымдастырып, бүлдіршіндерді исламға баулуда. Міне бұл Қордай діндарларының  жұмысының бір кішкентай көрінісі.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: