Қордайдағы қайырымдылық іс

Қордайдағы қайырымдылық іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауабы мол Рамазан айыда Аллаға шүкір басталып кетті. Міне осы сауаптан құр қалмайын деп жомарт жандарда  өзге мұқтаж бауырларымызға қол ұшын созуда. Өйткені Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте : «Алланың Елшісі (с.а.с.) өте жомарт болатын. Ал рамазан айында одан да ерекше жомарттық көрсететін»-делінген . Яғни Пайғамбар (с.а.с.) рамазан айында ғибадатта болсын, садақа беруде болсын, ерекше жомарттық танытатын.

Міне осы сүннет амалдан қалыс қалмайын деп аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Ә.Шалбайдың бастамасымен «Қызыл жарты ай» қайырымдылық қорының демеушілігімен аудан бойынша асыраушысынан айырылған, жетім 5 отбасыға сауылмалы сиырлар сатып әкелініп, Алла разылығы үшін сыйға тартылды. Көмек алушы 8 баланың анасы Прмағамбетова Жанаркүл Әбдразаққызының айтуынша Алла қаласа ендігі осы отбасы жыл он екі ай өздерінің сиырларын сауып, табиғи сүт, айран, ірімшік сияқты  азық түрлерімен толық қамтамасыз етіліп, артығын сатып  пайда түсірерміз деп- тосын сыйлыққа дән риза болды.

Қайырымдылық науқаны мұнымен шектелмей аз қамтылған отбасыларға, көп балалы 5 отбасыға соңғы үлгідегі «тойота» фирмасының тігін машиналары сыйға тартылды. Көмек алған отбасылар түрлі матамен, түрлі өрнек сала алатын тігін машинаналарын қолданып өздеріне, бала шағаларына немесе өзгеге киім тігіп көмек болады деген ойда, ұйымдастырушылар мен демеушілер.Алладан сауапты істердің тізбегін үзбеуден тілеудеміз.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: