Бас мүфти тапсырмасы негізінде атқарылып жатқан мерекелік шаралар

Бас мүфти тапсырмасы негізінде атқарылып жатқан мерекелік шаралар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының басталуымен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» медресесінің  асханасында, жамағатқа ауыз ашар беру науқаны басталып, әр күн сайын 100 адамға ауыз ашар мәзірі даярланса, 5000 дана ауыз ашар кестесі тегін таратылды. Алла қаласа, мешіт имамдары бұл ізгі шараның ай бойы жалғасын табатынын айтып отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айында сауабы сансыз еселенетін игілікті шаралар көптеп жасалса деген талап-тілектерін басшылыққа алған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр қары  облыс көлеміндегі аудан-қала имамдарына жергілікті орындардың басшыларымен селбесіп ауыз ашар ұйымдастыруды, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын түрліше шаралар атқарып, БАҚ-құралдарына Рамазан айының қасиеті туралы мақала жариялаумен қатар, уағыз-насихат жұмыстарын кешкі шам намазынан кейін жалғастыруды тапсырған болатын.

Ауыз ашар —  ораза ұстаған адамдар тамақтануға рұқсат етілетін мезгіл. Мұсылмандық бес парыздың бірі — ораза.   Бұл — рамазан айында 30 күн бойы таң атқаннан күн батқанға дейін өзін тамақтан тыйып ұстау. Мұсылман баласы үшін ауыз ашар кезі қасиетті саналып, дәм алдында ауызды құрмамен, сумен ашады. Халықтың бір-біріне мейірімі артып, ораза ұстаушылар құрметтеліп, әр үй кезекпен ауыз ашарға шақырады. Мұсылман баласы үшін сауабы еселеніп берілетін мұндай бақытты кез жылына бір-ақ рет келеді. Сол үшін әрбір адам Рамазан айының қадірін білуі міндетті саналмақ.

Өкіл имаммның тапсырмасы негізінде көптеген игілікті шаралар аудан-қала мешіттерінде  өз жалғасын табуда.

 

Көгедай Шәмерхан

Hibatulla.kz

 

Сауап жинау науқаны Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ның: «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстаушыларды құрметтеп, ауыз ашар берсе ораза ұстағандай сауап алады» деген хадисін басшылыққа ала отырып аудандық «Қордай» мешітінің жамағаты кезекке жазылып ауыз ашар бере бастады. Ауыз ашарға мешіт жамағаты, ауыл ақсақалдары, сауат ашу курсының шәкірттері және т.б қоғам өкілдері шақырылуда. Ауыз ашарда мешіт қызметкерлері елді бірлікке үндейтін, Рамазанның қасиеті жайлы және Жаратушы Йемізге жақындататын амалдар жайлы уағыздар айту жоспарланды. Ауыз аштырумен қосымша Рамазан айының бірінші түнінде тарауих намазында хатым Құран түсіруде басталып кетті. Алла қаласа игі істер Рамазан айының соңына дейін жалғаспақ. Аудандық

«Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

 

«Қаратау қаласындағы Рамазан айының алғашқы ауызашары» Талас ауданы аудандық «Қаратау» мешітінде аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев қала тұрғындарына ауызашар берді. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күніндегі игі бастаманы аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Қаратау қаласындағы Құрметті азаматтары, аудандық ардагерлер кеңесі, құқық қорғау органдарының басшылары мен мекеме басшыларына және мешіт жамағатына 150 адамға дастархан жәйіп ауызашар берді. Болат Қанатбайұлы жиналған көпшілікті Рамазан айының келуімен құттықтап, өзінің сөзінде: «Рамазан айы – Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың ең қадірлісі» - деп, егемендік алған уақыттан бері еліміз әлеуметтік – экономикалық жағынан жаңарумен бірге рухани және мәдени өрлеу жолында екендігін айтып өтті. Аудан әкімінің құттықтау сөзінен кейін аудандық «Қаратау» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Қалдарханұлы Алиев Рамазан айының алғашқы күніндегі сауапты істі мешітте ұйымдастырып, ауызашар бергені үшін аудан әкіміне мешіт жамағаты атынан рахметін айтып, Рамазан айының қадыр-қасиеті мен мол сауабы жайында жиналған көпшілікке уағыз айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жапар Шәріпұлы Шарипов: «Ораза тек қана аштыққа, шөлге төзу ғана емес ол Ұлы Жаратушының бұйрығын орындау әрі имандылыққа, адамгершілікке әрдайым берік болу» - деп, жастарға насихатын айтты. Сейдуалиев Жасұлан Тұрдиярұлы Аудандық

«Қаратау» мешітінің наиб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: