Рамазан айыныңқасиеті хақында айтылған ойлар

Рамазан айыныңқасиеті хақында айтылған ойлар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

 

 

 

 

 

Рамазан айында атқарылып жатқан шараларға қандай баға бересіз?

Жауап беруші , белгілі  актер, режиссер, сазгер  Мәлік Ақүрпеков.

 

   Барлық еліміз бойынша мешіттердің дайындығы қуантады. Облысымыздағы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдар ұжымының әр жылғы ұйымдастырған мерекелік шараларының куәсі болып жүрміз. Өте жоғары дәрежеде ұйымдастырушылық жасай алады. Салт –дәстүрімізге сай өткізген мерекелік рухани кештері де көптің көңілінен шығып жатады. Осы Рамазан айының алғашқы күндерінен-ақ мешіт имамдарының жамағатқа ауыз ашар беруінің өзінен ынтымақ пен ауыз біршіліктің арқасы деп түсінсек болады. Алла әр істеріңізге береке берсін.

 

Оразадағы көңіл-күйіңіз қалай?

 Жауап беруші, Ауыт Мұқибек, ақын, балалар жазушысы.

 

  Астамдық, менмендік менде бұрын да болған емес. Ораза одан да ары сабырлы күйге түсіреді екен. Өткен-кеткенді, өмірден озған ата-ана, аға-бауырларды көп еске алады екенсің. Өткен түні түсіме Тұмағам мен Кәкімбек аға Салықов кіріпті. Екеуі де сондай жүздерінен нұры төгіліп, жайнап, жарқылдап жүр екен деймін. Өлең оқып жатыр екенбіз оянып кеттім, таң атып қапты. Шүкіршілік сол-оразаның алғашқы екі күні осылай өтті.

 

 

Рамазан айында қайырымдылық жасауға қалай қарайсыз?

Жауап беруші, Ермұқан Қалмұрзаев. Ақын жазушы.

 

   Мүмкіндігі бар жандар болса, қайырылымдық жасауға Рамазаннан өзге абзал уақыт жоқ қой! Сол себепті, бай бақуатты кісілер өзінің төңірегіндегі жоқ-жітікке қарайласып, осы бір қасиетті айдың қәдірін сезінсе екен. Жарлыға медет бола білудің өзі адами асыл қасиет. Рамазан айы сауаптің еселенетін ай екенін естен шығармағанымыз жөн.  

 

Рамазан айында, халықтың көңіл-күйінен нені аңғарасыз?

Жауап беруші, Ербол Бейілхан. Ақын.  Алты Алаш ұлттық порталының редакторы.

 

  Айлардың сұлтаны, мейiрiм мен шапағатқа толы қасиеттi рамазан айы мүбарак болсын! Алла тағала ниет-дұғаларымызды қабыл етiп, Иманымызды берiк, Дiнiмiздi тұғырлы, Тiлiмiздi мәңгiлiк мәртебелi етсiн. Елiмiз сырт, суық көздерден аман болсын!

  Бұл қасиетті ай менің айналамдағы адамдарға ғана емес, күллі жұртқа сабыр, рақым, шапағат сыйлайтынын аңғарамын. Қатал қоғамда тірлік кешіп жатқан пенделердің жанарынан мейірім нұрын байқаймын. Барша мұсылманның қолындағы барын өзгелермен де бөлісіп, пітір -садақа беруін, жомартануын, қанағатшыл сезімге бөленуін, тәубәға келуін байқаймын. Міне бұл,  Қасиетті Рамазан айының үлкен сыйларының бірі. Ораза қабыл болсын!

 

 

Рамазан айының мұсылман баласы үшін несімен қадірлі?

Жауап беруші, Тоба Өтепбаев айтыскер ақын.

 

  Сәресі мен ауыз ашар алдындағы қуанышымен қадірлі болса керек. Оразаның әр күні мен үшін шексіз қуаныш. Біріншіден рухтың тазаруымен тәнінде жанында нұрланады, сырқат жүрек емделеді. Рамазан айындағы Оразаның жөні бөлек, жай күні ұстаған оразаң нәпіл болса, бұл айда парыз.Сосын сәресіндегі берекетпен, ауыз ашар алдындағы қуанышты сезінудің өзі асқан бақыт қой. Бұл жерде ішіп жеуді, Адамға Алланың берген нығметі екенін, және бізге осындай нығмет берген Аллага шукір ету, ауыз ашар алдындагы дұганың қабыл болатынын сезіну бұл тіл жетпейтін қуаныш.

 

 

Рамазан айындағы ораза ұстаған адамдардан қандай өнеге алуға болады?

Жауап беруші, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Махамедқали Досманұлы.

  Ораза ұстаған адамның ашығумен ғана шектеліп қалмай өзін тек жақсы жағынан көрсетуге тырысуы көз қуантады. Егер елдің бәрі Рамазан айындағыдай бір-біріне көмектесетін болса онда, жер бетінде бейбітшілік орнаған болар еді деп ойлаймын. Биылғы оразаның толығымен шілдеге келетінін ескерсек, ораза ұстаушылардан төзімділікті үйренуге болады дер едім.

 

Көгедай Шәмерхан

Hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: