Бүкіл дүниежүзілік нашақорлықпен күрес

Бүкіл дүниежүзілік нашақорлықпен күрес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

26 маусым «Бүкіл дүниежүзілік нашақорлықпен күрес» күніне орай Мойынқұм ауданы бойынша «Есірткісіз болашақ» ұранымен өткізілген нашақорлыққа қарсы «дөңгелек үстел» отырысы

         26 маусым  «Бүкіл дүниежүзілік нашақорлықпен күрес» күніне байланысты аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  және  аудандық мешіттің   ұйымдастыруымен   «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының мәжіліс залында «Есірткісіз болашақ»  атты дөңгелек үстел болып өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары М.Сейдалиев, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері, Мойынқұм аула клубының қызметкерлері  Аудандық мешіттің бас имамы З.Исаев сөз алып жиналған қауымға бірінші кезекте келе жатқан Рамазан айымен құттықтады. Есірткіден аулақ болу үшін отбасымыздағы балаларымызға діни тәрбие беріп, жастарымызды мешітке баруға шақырды. «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары М.Сейдалиевтар жиналған жастарға есірткі және оны тұтынудан  аулақ болу, кеселдің  алдын алу ең басты өткір мәселе екендігін түсіндіріп өтті.

 

Т.Сарыбаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: