Рамазанның қарсы алдында имам-молдалардың жиыны

Рамазанның қарсы алдында имам-молдалардың жиыны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Меркі-ата» мешітінде, ауданға қарасты мешіт молдалары бас қосып, Рамазан айының кіруіне аз  күндер қалу себепті қасиетті айға дайындық жұмыстары пысықталды.

Бас имам Қасымалиев Батырбек қажы сөз бастап, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуін жеткізіп, онда хазреттің Иманымыз бен бірлігімізге бекем болайын деген тақырыптағы мақаласындағы негізгі мәселеге тоқталды. Олар: «Байлық-байлық емес, бірлік-байлық»,-деген нақыл сөз. Діннің мақсаты- ізгілік, береке мен бірлік. Ислам діні қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды.

Рамазан- тәлім мен тәрбие, жасаған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы Иеміздің жарылқауына, рақымына бөленетін ай. Бұл айда мейлінше бір-бірлеріңізбен көркем араласып, қайырымды іс-әрекеттеріңізбен жақсылыққа қол жеткізуде аянып қалмайық. Имандылығымызды күшейте түсейік . делінген.

Құрметті имам-молдалар сіздер де осы үндеуді іс жүзіне асу үшін аянбай өз елдімекен халқына жеткізіп, халықпен тығыз байланыста болып, Рамазан айын жоғары деңгейде өтуі үшін әрекет жасаңыздар,-  деді.

Жиын соңында бас имам ауыл молдаларына назардан тыс қалмау үшін үш тапсырма берді. Олар, Рамазан айының қарсы алдында мешіттердің іші-сыртын тазалап, әктеу, сырлау жұмыстары сонымен қатар мешіт айналасына «Ораза қабыл болсын» деген хабарлама ілу керектігін айтты.

Медреселер мен жоғары діни оқу орындарына шәкірттер дайындау, 2015 жылға діни газет пен журналға жазылу мәселесіне тоқталды.

Соңында ауыл молдаларына ораза кестесі таратылып, Құран Кәрім кітабы  табыс етілді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: