Тарауих намазымен қатым Құран басталды

Тарауих намазымен қатым Құран басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 


Айлардың сұлтаны, Қасиетті Құран кәрім түскен ұлық айдың құрметіне ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешітінде, Тарауих намазында қатым Құран оқылу басталды.


Қасиетті мереке Жұма күніне орай келгендіктен, Жұма намазының алдында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қары ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Хазіреттің сәлемін жеткізіп, Бас мүфтидің Рамазан айын құттықтау хатын Жамағатқа оқып бергенін айта кеткеніміз жөн. Алланың сүйікті елшісі, күллі ғаламның рахым нұры, пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірнеше хадистерінде: «Кімде-кім Рамазан намазын (тарауихты) шын көңілмен сауабын Аллаһтан күтіп оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі». «Аллаһ рамазан айында ораза ұстауды парыз қылды. Мен сендерге рамазанның кештерінде намаз оқуды (тарауихты) сүннет қылдым.

Кім Аллаһ Тағалаға шын көңілмен иман келтіріп, қарымын тек Аллаһтан ғана күтіп ораза ұстап, намаз оқыса (тарауихты) анасынан жаңа туғандай күналары кешіріледі», - деп мұсылмандарды тарауих намазын оқуға шақырған. Исі мұсылман баласының өтейтін парызының бірі, Рамазан айында ораза ұстау болса, жиналып жамағатпен намаз өтеу бауырмашылдыққа, ынтымаққа шақыру болмақ. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қары «Рамазан Құран айы, Құран оқудың ең абзалы әрі сауабы мол болатыны намазда оқылғаны, Құран - адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран-соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың.

Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресің. Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Ал рамазан айында Құран оқудың ерекшелігі, ораза ұстаған адам барынша тақуалыққа бет бұрып, нәпсісін тиып, күна жасаудан алыс болады. Осындай таза жүрекпен шынайы ықыласта Құранды әркім оқыйтын болса мол сауапқа кенеледі. Біздің тарауих намазында Құран хатым түсірудегі мақсатымыз, жалпы жамағат толықтай Құранды оқып білмейді. Сондықтан қариларымыздың соңында сапта тұрып, тыңдап хақысын өтесе деген ниетте қатым түсіріліп отырмыз. Қасиетті Құранды шын ықыласымен естіген жанғада сауап бар, Тарауих намазы - Ұлы Жаратушының өз рақымынан тарту еткен осы айға ғана тән ерекше Құлшылық екенін айта келе, тарауих намазында қатым Құран оқуға Алматыдағы қарилар медресесінен келген Ахметов Серікпен Махмұт Әбдіжаппарды жиналған жамағатқа таныстырды. Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бір үйде Құран оқылса, аспаннан періштелер түседі. Шайтандар қашады. Үй-ішіне жақсылық, тыныштық енеді, жақсылық көп, жамандық аз болады.

Бір үйде Құран оқылмаса, ол жерге шайтандар келеді, періштелер кірмейді, үй-ішіне тынышсыздық келеді, жақсылық азайып, жамандық көбейеді»-деген. Сондай-ақ өкіл имам Жұмабаев Данияр қарының тапсырмасымен қалалық «Әзірет- Әлі» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Юнус Хусейін қатым Құран оқитын болды. Юнус Хусейінді «Нұр Мүбарак» универстетінің практиканты Сабралев Бақытжан мешіт жамағатымен таныстырды. Алла барша мұсылман баласының оразасын қабыл, ниетін кәміл еткей.


Көгедай Шәмерхан
Hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: