Сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.

Сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз бұдан бірнеше күн бұрын хабарлағанымыздай Шу ауданындағы Төле би мешітінің жанындағы жаздық«Сауат ашу курсы» туралы мәлімдеген болатынбыз.  Міне, ай өтіп мұсылмандар үшін маңызды ай Рамазан есіктен енген шақта, балғындар сауат ашу курсын тәмамдады. Күні кеше ұстаздарының үйреткенін ұғынған шәкірттер Құран оқудан жарысты. 50-ге жуық талаптыларға түгел дерлік алғыс хаттар тапсырылып, естелік сурет жинақтары табысталды.

Аталмыш мешттің  бас имамы Аят Дыбысұлы,  «Сауат ашу курсына» қатысқан балаларға бағалы сыйлықтар үлестірді. Жиын соңында дастархан дәмге толып, біздің иншаАллаһ иманды болашақтарымыз содан ауыз тиді. Мешіт маңын шат күлкіге толтырған балалардан оқуды бітірген соң  жамағат тыныштыққа үйренісе алмады. Жылдағы жаңылмайтын әдет бойынша жазғы сауат ашу курсының тағы бір легі сана сезімін имани тәрбиемен сусындатты.

   Аллаһ тағаланың сөзін  жүрегіне сіңірген жасөспірім болашақта иманды жасқа айналады деп сенеміз.  Ұстаздарының үйреткен тағылымдарын жадына тоқып, елге қызмет ететін, елбасына құрмет жасайтын атпал азамат болуына Төле би мешітінің үлкен, кіші жамағаты тілектестік білдірді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: