Қордай жеріндегі қыз балаларға арналған сауат ашу курсының жабылу салтанаты.

Қордай жеріндегі қыз балаларға арналған сауат ашу курсының жабылу салтанаты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың қалауымен кеше ғана басталған ізгі іс, яғни қыз балаларға сауат ашу курсыда бүгін міне өз мәресіне жетті. Сауат ашу курсына  әртүрлі жастағы 30  қыз бала қатысты. Қыз балалар 16 күн ішінде иман негіздері, мұсылман әдебі, пайғамбар (с.ғ.с)  өмірі сынды маңызды пәндер бойынша тәлім алса, ең маңыздысы ақ пен қараны ажыратушы, Алланың кітәбі қасиетті Құраннан сүрелер жаттады. 

Жабылу салтанатында Қордай ауданының бас  имамы  Ә.Шалбай  ардақты елші Мұхаммед Мұстафаның  (с.ғ.с)  білім талаб етушілер жайлы мына хадисін айтып «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннәтқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды....»   білімнің артықшылығы жайлы уағыз айтып, осы уақыт аралығында алған білімді ұмытпай, өмірде басты ұстаным етіп, оны естен шығармауға шақырып, қасиетті Рамазан  айында  Құран оқуды көбейтіп, ізгі істерді іске асыруға үгіттеді.  Оқуда озат болып, белсенділік танытқан қыз шәкірттерді марапаттап демеушілер даярлаған сыйлықтарды үйлестіріп, алғыс хаттарды тапсырды. Барша жиналған  қауым аудандық «Қордай» мешітінің игі істеріне разы болып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: