Ұлт болашағы білімді ұрпақ

Ұлт болашағы білімді ұрпақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешіті жанынан ашылған  сауат ашу курсында сабақ алып жатқан жас жеткіншектер табиғат аясына серуенге шықты.

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне,  өскелең ұрпақтың жан дүниесін байытып, рухани азық алуына  жол ашатын  сауат ашу курысына  мектеп жасындағы балалар келіп қатынасады. Ең кішкентайының жасы 4 те үлкені 13 те екенін айта кеткеніміз жөн. Осы балалар арасында 3 жыл бойы жазғы демалысында сабақ алып келе жатқандары да бар. Балалардың табиғатты қорғау, гүл-шөптер мен құстарды аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыратын бұл серуенді табиғат аясындағы ашық сабақ десекте болады. Серуенге шыққан балалар ұстаздардың жетекшілігінде  доп тебу, тақпақ айтып жұмбақ жасыру секілді ойын түрлерімен көңілдерін көтерді.

Балалар арасында,  10 жасар Мұрад есімді Түрік баласы Отанымыздың әнұранын орындады. Балаларды бастап барған ұстаздар, аталмыш мешіттің найб имамы Аманбаев Ержан, Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» университетінен келген практикант, Бақытжан Сабралиев және «Һибатулла Тарази» медресесінің 3 курс шәкірті Ілебаев Ержан болды. Бұл шараны мешіттің іс басқарушысы Қожахметов Халит ұйымдастырып отыр. Сауат алып жатқан балалардың ата-аналарының өкілдіктегі мешіт қызметкерлеріне алғысы шексіз. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-аналар әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп, асыл дініміздің кәусарынан сусындауына жағдай жасап балаларын жастайынан мешітке жіберіп отырған ата- аналарға Алла разы болсын. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр қары ұрпақ тәрбиесі туралы « Қайырлы ұрпақ өсіру – отбасылық өмірдің негізгі мақсаттарының бірі болуымен қатар, Аллаһ Тағаланың құзырында сауабы мол амалдардың қатарынан болмақ. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) риуаят етілген мына бір хадисте бала тәрбиесінің исламдағы мән-маңызы анық көрсетілген: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса Аллаһ Тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді». (Әбу Дәуіт, Әдеп) Сондай-ақ, текті ұрпақ тәрбиелеп өсіру – адами болмысымыз талап ететін ұлы борыш. Әкеден балаға қалатын ең асыл дүние ол – жақсы тәрбие. Бұл туралы хадисте былай деп айтылған: «Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас». (Тирмизи, Бирр)

Балалар туылған кезде кіршіксіз, пәк, ислам болмысы бойынша туылады. Кейін олар ата-анаға аманат етіледі. Ата-ана бұл аманатты көздерінің қарашығындай қорғап, сақтаулары тиіс. Бала тәрбиесінде сондай-ақ, келешекте оның қай бағытты таңдайтындығында ата-ананың алар рөлінің өте маңызды екендігін» жеткізді. 

Көгедай Шәмерхан

Hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: