Аудандық «Қордай» мешітінің Рамазан айына дайындығы

Аудандық «Қордай» мешітінің Рамазан айына дайындығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас Мүфти Е.Малғажыұлының дін қызметкерлеріне  Рамазан айына дайындық бойынша біршама тапсырмалары берілгендігі баршамызға мәлім. Аталмыш тапсырмалар аудандық «Қордай» мешіті қызметкерлерінің еңбегімен  жүзеге асып жатыр. Бас Мүфтидің үндеуі  және құттықтауы, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайдың Рамазан айымен құттықтауы, жергілікті уақыт бойынша ораза ұстау кестесі аудандық қоғамдық-саяси «Қордай» шамшырағы» және орысша нұсқалары «Кордайский маяк» газеттерінің 99-100-ші нөмірлерінде жарық көрді. 

«Қош келдің рамазан!» атты құттықтау билборттары шырайлы Қордайдың орталық Жібек-Жолы көшесіне 2 дана, халықаралық Алматы-Бішкек дәлізіне 1 дана, Алматы-Тараз автокөлік дәлізіне 1 дана ілініп  көшелерге ерекше сән берді. Бас имам Ә.Шалбайдың атынан  құттықтау парақшалары жасалынып, мемлекеттік мекеме басшыларына, кәсіпкерлерге және қоғам қайраткерлеріне Бас Мүфти Е.Малғажыұлының «Рамазан Мүбәрәк» кітабымен және ораза кестесімен қосымша таратылды.  Аудандық «Қордай» мешітінде сенбілік өткізіліп, мешіт ауласы мен ғимараты одан әрі тазаланса, мешітіміздің көше бойындағы шарбағына оразамен құттықтау, Рамазан, жомарттық, мейірімділік жөніндегі Алла елшісінің (с.ғ.с)  хадистері, дана халқымыздың ұлы ұлдарының даналық сөздері жазылған баннерлер ілінді. Мешіт күмбезіне жарық беретін сәулелер жаңартылып,  мешіт шарбағына арнайы жарық беру құрылғылары тартылды. Аудандық «Қордай» мешіті қызметкерлерінің  Рамазан айына жоспарлары әлі де көп, Алла ойымызды іске асыруға нәсіп қылғай!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: