Ғибраты мол жарыс

Ғибраты мол жарыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық  мешітінің Бас имамы Зият Исаевпен «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Мойынқұм» аудандық мешітінде 8-17 жастығы оқушылар  арасында  Құран Кәрімді мәнерлеп жатқа оқудан аудандық жарыс өтті. Сайысты «Жастар орталығының» директоры  Еркебұлан  Абасов ашып, жүргізіп отырды.  Айта кететін жайт, Мойынқұм аудандық мешітте сауат ашу курсында білім алған оқушылар  Тимур Аязбаев  ағамыздың   мұрындық  болуымен  соғылған  Жамбыл  ауылындағы  «Жексенбай  ата» мешітінде  бір айлық лагерде  демалып, осы   жарысқа   өз  білімедерін  көрсету  үшін  келген.

Игі  іс-шарада сөз алған Бас имам: «Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Бұдан түйетін ой – Құрансыз өмірдің мәні де сәні де жоқ. Пайғамбарымыздың (салаллаху алейхи уассалам) хадисінде:  Үйлеріңізде «Құран Кәрімді» көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші әрдайым қиыншылықта болады. Яғни, ондай үйде тыныштық болмайды, – деген.

Расында да, қазіргі әлемдегі, өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы арсыздықтар, шаңырақтың шайқалуы, ұрыс-жанжалдардың өршіп кетуі, жамандық атаулының бәрі Құраннан алшақтаудың, Алланың сөзіне бойсұнбаудан туған қасіретті жағдайлар. Алла одан сақтасын! Қарайған жүректерге нұр беруші – Құранға ден қойған адам ондай күнәлі істерге әсте жол бермейді деп, жиналған жамағатты жақсылыққа, ізгілікке шақырды.

Құранның хикметтері жайлы бейнеролик көрсетілді.  Ғибратты көріністен әсер алған көпшілік көз жасына ерік берді. Төрт топқа бөлінген сайыскерлер өз ара бақ сынасты. Қатысушылар 3 бағыт бойынша сынға түсті.   Бірінші  бөлім ережесіне сай Құран аяттарын жатқа оқыды, екінші хадис айтып  жарысты. Ал үшінші кезеңде  діни  тұрғыда   сұрақ-жауаптанмен сайысты. Осы  орайда  оқушыларға   білім  берген  ұстаздар  ауыл  молдасы  Талғат Таукеев аға, Тараз медрессесінің  бірінші курс  студенті  Ақжігіт Жарбол, екінші курс студнті Рүстем Қалмұратовты  ерекше  атап   өткен  жөн.

 Байқауға  Ішкі саясат бөлімінің  басшысы Манарбек Көшкімбаев, Зияділдә Әлімбетов, Күлдіманас Еркебаев, Амандық Надырғожин  сынды арнайы  келген  қонақтар  сайыскерлерге сәттілік тіледі.

 Қорытынды нәтижеге сай І орынды – Мойынқұм  ауылының  «Рамазан» тобы иеленсе, ІІ және ІІІ  орынды  жамбылдық  «Мәруә» мен  «Сафа»  топтары өзара бөлісті. IV орынды «Кәусәр» тобы иеленді. Жеңімпаздарға  алғыс  хаттар  мен  бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сарбасав Т.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: