Шу аудандық Төлеби мешітіндегі жазғы сауат ашу курсының күнделігі.

Шу аудандық Төлеби мешітіндегі жазғы сауат ашу курсының күнделігі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасына орай Шу аудандық Төле би мешітінің жанынан 1 маусымнан бастап балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жазғы «Сауат ашу курсы» ұйымдастырылған болатын. 50-ге тарта жас жеткіншектерге Аллаһ тағаланың сөзі  Құран оқуды үйретіп, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с ) хадисін  жаттауға себепші болып жүрген Мәди Рахматов, Ердәулет Құлыбек, Талғат Қуанышбаев сынды «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері бар жігерін салуда.

      Жуырда мешіттің бас  имамы Аят Дыбысұлының ұйытқы болуымен балалар табиғат аясында серуендеуге шықты. Жасөспірімдер суға шомылып, күресті. Серуен соңында  сірне қуырдақтан дәм татты. Үздіксіз сабақпен қатар табиғатта тынығып, бой жазу үйренушілердің пайдасына жарағандай. Оқушылар бұған дән риза.  Балалардың демалысын оңтайландырумен қатар имани тәрбие беру аудан мешітінің басты мұраты- дейді Төле би мешітінің бас имамы Аят Алмаханов.

  Иә, ата дініміз Ислам санасы таза, жүрегі сезгіш, талапшыл балғындарды иман мен иба, ар мен ұят секілді асыл қасиеттерге баулуға үндейді. Келешекте осы сауат ашу курсында тәлім алған шәкірттер  Аллаһ қаласа жаман болып өсе қоймас деп сенеміз. Дәйім солай болғай.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: