Қордай ауданы бойынша жазғы сауат ашу курстарының күнделігі

Қордай ауданы бойынша жазғы сауат ашу курстарының күнделігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдында хабарлағанымыздай жылдағы қалыптасқан дағды бойынша Қордай жерінің мешіттері мектептерінен босап,  демалысқа шыққан балалар үшін жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырады. Биылғы жылы да сауат ашу курстары  өз жұмыстарын 1 маусымда бастап кетті. Аудан бойынша курстар кең көлемде аудандық «Қордай» мешітінде, «Қақпатас» , «Омар», «Сахаба» және «Ал-Хадий» мешіттерінде өтті. Жалпы курста 200-ге жуық шәкірт өз діни сауаттарын ашты. Игі істердің ұраны әрине Алла елшісінің «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп оны басқаға үйреткендерің» деген мәшһүр хадисі болды.

Курсты кәсіби деңгейде ешбір үзіліссіз өткізу үшін, облыстық «Һибатулла Тарази» және «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірттерін шақырып, ол азаматтар бүлдіршіндерге Ислам ғылымынан сусындатты. Курста негізгі пән ғылымның атасы Құран болса, оған қосымша әдеп, иман негіздері және сира сабақтары өтті.Білім алып, рухани азық жинаса,  шәкірттерге күнделікті дастархан жайылып тәндерін  қуаттап алса, түрлі спорттық ойындар ойнап денелерін шынықтырып, Ислами бейне және мультфильмдер көріп тағылым алды. Әрине бұның баршасы дін жанашырларының қолдауынсыз өткен жоқ. Баршасына алғысымыз шексіз. Курс    аяғында  балалардан емтихан алынып, жүзден жүйрік анықталып,  сыйлықтар үйлестірілді.

Дәуренбек Жандосұлы

 Аудандық «Қордай» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: