Айлардың сұлтаны бұл Рамазан

Айлардың сұлтаны бұл Рамазан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Тараз қалалық «Баласағұн» мәдениет сарайында «Қош келдің, Рамазан» атты рухани көңілді кеш болып өтті. Аталмыш шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі жергілікті билік өкілдерімен селбесе отырып атқарды.

Сағындырып келген Рамазан айының мұсылман баласы көңілінен алар орыны айырықша, бұл ай қасиетті Құран түскен ұлық ай. Халыққа мерекелік көңіл күй сыйлап, ынтымақ-берекеге шақырып, қастерлі айды мерекелік ұлттық үлгіде атап өту керектігін,  ҚМДБ-ның  төрағасы Бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлы хазірет еліміздің барлық обылысындағы өкіл имамдарға тапсырған болатын. Бас мүфти тапсырмасын басшылыққа алған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр қары жергілікті орынның билік өкілдерімен бірлесе отырып, Рамазан айының келуі қарсаңында рухани көңілді кеш ұйымдастыруды қолға алып, рухани шараны жоғары деңгейде аталып өтуіне күш салды.

Сөзіміздің куәсі «Баласағұн» мәдениет сарайына жиналған халықтың ықыласы мен жүздеріндегі қуанышынан байқауға болады. Рухани шараны «Асыл мұра» өнері ұжымы мен «Қазына» этнографиялық фольклорлық ансамблінің өнрпаздары әнмен әрлеп, күймен күптеді. Кеште  орындалған тәрбиелік мәні бар термелермен қойылымдардың халыққа берері  көп деген ойдамыз.  Рухани кешке арнайы келген, Жамбыл облыстық Дін істері департаментінің директоры Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы  құттықтау сөз сөйледі. Ұйымдастырушы өкіл имам Жұмабаев Данияр қары,  Рамазан айының қадыр-қасиеттерін жиналған жұртқа түсіндіре келе, Рамазан айының исламдағы орыны, Ораза ұстаудың артықшылығы, адамзат баласының күнәсінан тазаратын нығымет айдың маңызы мен құндылығына тоқталып өтті. Кешке жиналған көрерменге мерекелік силық ретіне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қаламынан туған «Мүбарәк Рамазан» атты тағылымы терең 1000 дана  кітаппен қоса уағыз бейнежазбалары басылған дисктер, ораза кестесі тегін таратылып берілді. Рухани кеште  көпшілікке сұрақтар қойылып, дұрыс жауабын тапқандарға Анатілімізде жарық көрген Құран кітап тарту етілді. Бір қуантарлық жәй сұрақтардың жауабын мектеп жасындағы балалар айтып жатты. Кеш соңында өнерпаздар мен қоса мешіт жамағатына арнайы дастархан мәзірі ұсынылды. 

Көгедай Шәмерхан

Hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: