Кенен Әзірбаевқа 130 жыл мерекелік іс-шарасы

Кенен Әзірбаевқа 130 жыл мерекелік іс-шарасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақтың әйгілі халық ақыны, композиторы, Қордай жерінің тумасы Кенен атамыздың 130 жылдығын тойлау Қордай ауданы, Кенен ауылында кең көлемде тболып өтті. Мешіт қызметкерлері де мерекелік іс-шаралардан қалыс қалмады. Олай дейтініміз аудан әкімі Қ.Досаевтың шақыруымен Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай мерекелік іс-шараға белсенді түрде ат салысты.

Аудан имамы облыс және аудан басшылығымен бірге Кенен атаның басына барып, қасиетті Құран аяттарынан оқып, Алладан жарылқау тілеп дұға жасап, Кенен атамыздың қара шаңырағында да қонақ болып сол жерде Құран аяттарынан оқыды.  Ә.Шалбай Кенен Әзірбаевтың мұражайына ат басын тіреп, ақын атамыздың Құран кітабын мен тәспісін көріп, басқа да жәдігерлерімен танысты. Мерекеге ұйымдастырылған қазақша күрес спорт ойындарында сөз сөйлеп, Исламдағы дене шынықтыру жайлы айтып,  жүзден жүйрік болған палуандарды марапаттап,   алқа тақты. Ә.Шалбай «Кенен» мешітінің жамағатымен жүздесіп, хал ахуалдарын білісіп, мінберге шығып жұма уағызын айтып, жұма намазын өткізді.  Міне әйгілі атамыздың атулы мерекесі дін қызметкерлерінің қатысуымен  осылай өтті.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: