ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы жыл «Дін мен дәстүр» жылы болып жарияланған болатын. Елімізде Бас мүфти тапсырмасына сай жер-жерлерде жергілікті мешіттерде сауат ашу курстары жұмыс атқарып жатқаны белгілі. Соның бірі Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің молдасы Нұрлыханов Бақыт биылғы жазғы демалысты ұтымды пайдаланып, мектеп жасындағы балаларға арналған лагерде, жас жеткіншектерге Дін мен Дәстүрдің сабақтастығы туралы дәріс жүргізуде. Осыған байланысты арнайы мешітке ауданымыздағы шежіреші Бекмолдаұлы Амантай қария, зейнеткер, ауыл қариясын шақыртып балаларға  аталық өсиетін айтып, қазақи салт дәстүрді түсіндіріп «Мұнарасы көп елдің діні мықты, кітабы көп елдің ділі мықты» - деп, балаларға ақ батасын берді.

 

 

Келісім керуенімен кездестік

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ КЕРУЕНІ АСТАНАДАН БАСТАУ АЛЫП, ШЫМКЕНТ, ТАРАЗ ҚАЛАЛАРЫНАН ӨТІП, ШУҒА АТБАСЫН ТІРЕДІ.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Жапабаев және Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің молдасы Б.Нұрлыханов игі миссияны арқалаған аталмыш ұйымды күтіп алып, тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Халықаралық бейбітшілік пен келісім маршының атқарушы директоры Руслан Абдуллин халықты ауызбіршілікке, ынтымақ пен өзара татулыққа шақырып, әсерлі әңгімелер айтты.

Елшіліктер мен министрліктердің қолдауымен бірнеше мемлекеттерге сапар шегіп бара жатырмыз. Алайда, біздің насихаттарымыз діни немесе саяси сипатта емес. Барлық ұлт және дін өкілдерін өзара түсіністікке, толеранттылыққа және жер шарында тату өмір сүруге шақырамыз, - деді Руслан Шавкатович бізге берген сұхбатында.
Халықаралық бейбітшілік пен келісім керуені Қырғызстанға өтіп, Уфа, Қазан, Мәскеу, Констанца, София, Салоники қалаларына бағыт алуда. Бейбітшілік жалауын желбіретіп, ел аралаған марш қазірде бүкіл әлемге танымал болып үлгерген. Кездесу соңында «Айтқұл баба» мешітінің молдасы Нұрлыханов Бахыт Жаратушы Иемізден жарылқау тілеп, еліміздің тыныштығын, халқымыздың бірлігін Алладан сұрап бата қылды.

Шу аудандық «Шу өңірі»
газетінің тілшісі
Гүлжанат ӘБДІКӘРІМ.
Сурет автордікі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: