Облыстық діни кеңестің Қордай ауданындағы көшпелі жиналысы

Облыстық діни кеңестің Қордай ауданындағы көшпелі жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдыңғы күндері хабарлағанымыздай дін істер агенттігінің төрағасы М.А. Әзілхановпен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Ә.Жұмабаевтың Қордай жеріндегі іс-сапары бүгінде өз жалғасын тапты.  Қордай аудандық әкімшілігінің жиналыс залында Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаевтың төрағалығымен облыстық діни кеңестің көшпелі жиыны өтті. Жиынға облыстық басқармалар мен департтаментер басшылары, аудандық әкімдер, БАҚ өкілдері және дін қызметкерлері қатысты. Талқыланған мәселе ол әрине дін айналасында болды.

Басты назар ол дін қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын көтеру, барынша көмек көрсету болды. Жиналыс барысында аудан әкімдеріне облыс әкімі К.Көкрекбаевтың тарапынан имамдармен қоян-қолтық жұмыс атқару тапсырылды. Дін істер агенттігі төрағасы М.А.Әзілханов мешіттердің құжаттарын реттестіру мәселесін көтеріп, кейбір мешіттердегі кадр тапшылығы мәселесін де тілге тиек етті.

Жиналыс аяқталысымен өкіл имам  Д.Жұмабаев аудандық «Қордай» мешітінде жұма уағызын  және жұма намазын өткізді. Өкіл имам жиналған қауымды келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтап, зор мүмкіндіктер айы екенін жиналған жамағаттың есіне салды. Рамазанға дайындық бар ынта жігермен, бар ықыласпен жүру керектігін ескертіп, бұның барлығы тек бейбітшілік заманда, бөлінбей біріге жұмыс атқару барысында ғана қол жеткізуге болатындығын баса айтып, жамағатты қасиетті Рамазанды лайықты түрде өткізуге шақырды.Уа, Алла бізге ережеп пен шағбанды берекелі етіп, Рамазанға жеткізе гөр!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің

Наиб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: