Ұлт аралық ынтымақ, дінаралық татулық елдігімздің айғағы

Ұлт аралық ынтымақ, дінаралық татулық елдігімздің айғағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында,  Жамбыл облысының діни ақуалы мен жалпы жағдайын көзден кешіру үшін Қазақстан Республикасы, дін істері агенттігінің төрағасы; Марат Әзілханов ресми сапармен Тараз қаласына келді.

Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша  өкілі «Һибатулла Тарази »мешітінің бас имамы, Жұмабаев Данияр қарының бастауында, Қордай ауданының діни ақуалымен танысып қордаланған мәселелер төңірегінде ақылдасып,  жамағатпен  жүздесті.

Агенттік төрағасы, Марат Әзілханов Қордай жеріндегі, Дүнген ұлты шоғырлы қоныстанған; Масаншы ауылындағы «Әл-Қуддус», Сортөбе ауылындағы «Мисбахуль Ислам»,  Аухатты  ауылындағы «Нұр-Ислам» мешіттеріне ат басын бұрып, мешіттердің жәй күйін көзден кешіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымы бойынша мешіт қабырғаларында балалардың жазғы демалысына орай ашылған, жазғы сауат ашу курстарындағы шәкірттермен жүздесті. Діни  сауат ашудың маңыздылығы мен қатар дүнген ұлтының балаларына мемлекеттік тілді игеру қажет екенін де ескертті.

 Сонымен қатар агенттік төрағасының сапары «Бұлар батыр» орта мектебінде ұйымдастырылған жиналысқа ұласып, аталмыш шараға Қордай ауданының әкімі. Қ. Досаев, мектеп мұғалімдері мен өкілдікке қарасты барлық ауданның Бас имамдары, мемлекеттік қызметкерлер, ауыл белсенділері қатынасты. Марат Әзілханов «Ел аралық ынтымақ, дін аралық татулық егемендігіміздің айғағы. Отанымыздың ертеңі болған  балалардың мектептен бос  кезінде,  мешіттер жанынан ашылған сауат ашу курстарында оқуға болтындығын  айта келе, діни  білімін жоғаралтқысы келетін азаматтардың шет елге шығуына, ҚМДБ рұқсатымен  жіберілетінін, Қордай ауданында екі медресе ашу туралы  түскен халқтың сұранысы бар екеніне тоқталып, алдағы уақытта сұраныс қолдау табатыны талқалану үстінде екенін жеткізді. Сондай-ақ діни мерекелермен қоса ғибадат рәсімдерді, ҚМДБ- ның патуәсі бойынша атқарып, арнайы рұқсат алған дін қызметкерлері ғана атқара алатындығын түсіндіріп, білермендік жасап қарсы келушілер болса заң арқылы шешім табатынын ескертті.»

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша  өкіл имамы,  Жұмабаев Данияр қары «Бүгінгі таңдағы имамдардың тұрмыстық қиншылықтарға жолықса да, қажымай сабырлық танытып, Алланың разылығы үшін қалтқысыз еңбек етіп келе жатқанын, қызметте имамдар  халықпен ауыз біршілікте екені айырықша атап, келе жатқан Рамазан айы мерекесімен жиналысқа қатынасушыларды құттықтады.» Марат Әзілханов  имамдарға өз тарапынан ұсыныстарын талқыға саллды.

Агенттік төрағасына имамдар тарапынан Тараз қаласы «Әулие Ата» мешітінің бас имамы, Ахметжан Керімбек қажы өңірдегі ішнара болып жатқан түйткілдердің төңірегіндегі өз ойын жеткізіп, жиналыста қаралған мәселелерді, ҚР дін істері агенттігі мен облыстағы филиялдары ескеріп ортақ бір шешім шығарса деген тілегін білдірді. «Кеңеспен пішкен тон келте болмас.»,- дегендей айтылған ұсыныстар талқыланып, іс барысында жүзеге асатынына сенеміз.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша

 өкілдігінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: