Онлайндағы жиналыс, жақсылық үшін қолданыс

Онлайндағы жиналыс, жақсылық үшін қолданыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы  Жұмабаев Данияр қарының бастамасымен «Хазірет Әлі» мешітінде алғаш рет,  қала-аудан имамдарына онлайн жүйесі арқылы жиналыс жасалып тапсырма берді.

Жиналыста өкіл имам, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша,  алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айының ерекше түспен аталып өту керектігі және имамдардың халықпен етене ынтмақта болып, қасиетті Рамазан айын жалпы халыққа жеткізу үшін, имамдардың өздері жұмыс атқарып отырған жергілікті басқарма орындарының басшыларымен селбесе отырып, көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда, көшелерде, мешіт аулаларына, т.б орындарға «Ораза қабыл болсын» деген әшекейленген жазуы бар банерлер ілінуі халыққа оразаның қасиеттерін түсіндіріп, ораза ұстауға ынтасын арттыру керектігін жеткізді.

Рамазан айында  әр күн айтылатын уағыздарда Рамазанның қадыр-қасиеті, ерекшелігі, исламдағы парыз болуының үкімі жайлы уағыз-насихат айтылып, ауыз ашарға, көп балалы отбасыларды, қарттар үйіндегі қарттарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлерін, соғыс ардагерлерін шақыру туралы тапсырма берілді. Рамазан айының ерекше аталып өтуін пысықтап «Һибатулла Тарази» медресесіне, «Нұр-Мүбарак» университетіне  шәкірт даярлау қатарлы жұмыстарды да имамдарға жүктеді.

Жиналысқа арнайы ОҚО, Шымкент қаласы Қарабұлақ, ауылының имамы, Абдурафа Рахметуллаев қатынасып,  онлайн арқылы имамдар мен мешіт жамағатына жат ағымдарға қарсы тұрудың жолдары мен алдын алу шараларын түсіндірді. Заман талабына сай ғаламторда онлайн жүйесі арқылы жиналыс өткізудің артықшылығы, жылдамдығы мен жеңілдігінде.  Алыс жерден ат артып келмей-ақ, өз отырған орынын да отырып жиналысқа қатынаса алу, бұл да болса имамдарымыздың қабілетінің артқанын түсіндіреді.

 

                                                                               Көгедай Шәмерханұлы

                                                                                       Hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: