ШУ ҚАЛАСЫНДА САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ШУ ҚАЛАСЫНДА САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағала пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ға ең алғаш жіберген уахиі оқу білім турасында екені қасиетті Құранның Ғалақ сүресінің алғашқы аятында айтылған. Ислам діні әруақытта адам баласын оқып-білуге, білмегенді үйренуге шақыруда. Биылғы жылы мектеп жасындағы оқушылардың жазғы демалыстарын ұтымды пайдалану мақсатында маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп және оны өзгеге үйреткендерің» деген хадисіне амал етілуде.

Оған қоса маусым айының 1-нен бастап қалалық «Айтқұл баба» мешітінің жанынан 30 балаға бір ай бойы демеушілер көмегімен лагерь ұйымдастырылып, өз жұмысын бастады. Лагерьде «Айтқұл баба» мешітінің молдасы Нұрлыханов Бақыт және «Һибатулла Тарази» медресесінен арнайы жіберілген шәкірт дәріс жүргізуде. Мұнда балалар жатын орын, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.

1-ші маусым балалар күніне лагерьге жиналған балаларды орталық саябаққа, стадионға  апарып, әртүрлі ойындар ойнатып, балмұздақ жегізіп қыдыртып қайтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: