Әскерилермен имани кездесулер жалғасуда

Әскерилермен имани кездесулер жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Діни алауыздық орнаған заманда құқық қорғау және әскери мекемелер қызметкерлерінің діни сауатты болуы баса назар аударатын жағдай. Қордай имамдары осыған дейін бірнеше әскери бөлімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткіздендерін хабарлағанбыз. Міне бүгін имани кездесулер өз жалғасын табуда. Гвардейск гарнизоны №75 263 және №15632 әскери бөлімдерінің арнайы шақыруымен аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы аталмыш әскери бөлімдердің жеке құрамымен жүздесіп қайтты. Кездесуге наиб имам Д.Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы К.Алияков, бөлім командирінің орынбасарлары подполковник К.Ә Қарабаев және подполковник Н.Т.Тәжиев  қатысты.

Д.Жандосұлы өз сөзін бір Аллаға құлшылық ету жайлы бастап, жалпы Ислам сөзінің мағынасын ашықтап, мұсылман ол бойұсынушы екенін түсіндіріп берді. Жиһад, шаһид сөздерінің ақиқы мағынасын түсіндіріп, басшыға бойұсыну және суицид жайлы сөз қозғап аят пен хадистерден дәлел келтірілді,  отанды сүю иманнан деген сөзге түсіндірме беріп Д.Жандосұлы уағызды өрбіте түсті. Сарбаздар мен офицерлер наиб имам Д.Жандосұлына көкейкесті сұрақтарын қойып, оның баршасына нақты, дәлелді жауаптар алды. Подполковник   К.Ә Қарабаев кездесуге дән риза болып, осындай кездесулерді тоқсанына бір мәрте ұйымдастыру қажеттігін айтты.Дін өкілі әрдайым дайын екенін жеткізді. Осындай қарапайым қадамдар арқылы әскерилерімізді ата-баба дінінен кең мағлұмат беріп, жат ағымдардың іс-әрекеттерін алдын алуға тырысудамыз.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: