БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БАЗАРЛЫҚ

БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БАЗАРЛЫҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жами» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен, мешіт қызметкері Муналбеков Нұржан және  найб имам Қамаубаев Шаттық екеуі балалар күніне арнап, арнайы қалада тұратын 23 мүгедек балалардың көңілін сұрап мешіт тарапынан арнайы дайындалған сыйлықтарды үлестіріп, жағдайын біліп қайтты.

Қалалық мешіттің бас имамы мешіт атынан демеушілер арқылы мүгедек жандарға жанына жылылық сыйлайтын, көңілдерін көтеретін балаларға жалпы соммасы 25 мың теңгеге сыйлық дайындап, мүгедек жандардың әрқайсының үйіне барып сыйлықтарын үлестіріп бастарына амандық, дендеріне саулық, сырқаттарына Алладан шипа тіледі.

 

Шу қалалық «Жами»

мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: