Балаларға қуаныш сыйлаған күн

Балаларға қуаныш сыйлаған күн

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алаш ақыны, М. Жұмабаев: «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деген екен.  ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы  өкіл имамы, Жұмабаев Данияр қажының бастамасына сәйкес; 1- маусым балалар күніне орай Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» мешітінің  Бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында» барып мерекелік тарту ретінде балаларға бағалы бұйымдармен тәтті-кәмпиттер үлестіріп беріп, балаларға жақсы көңіл күй силап, ұлылар өсиетін әңгімелеп берді.

Санаторидің бас дәрігері Қамбарұлы Серік имам аудан имамына балалар атынан айырықша алғыс білдірді. Имам Джадраев Сұлтаншәріп қажы ҚМДБ-ның өкіл имам Данияр қажының сәлемін жеткізді. Аталмыш орынға бас имам балаларға доп, қаламсап, суретті дәптер, фломастерлер, және тағы баларға қажет заттарды тапсырды.

 

 

                                                           Әскери зейнеткер;

                                                          Әбілда Мейірханов

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: