Алға ауылдық «Омар» мешітінің балалар күніні атап өтуі

Алға ауылдық «Омар» мешітінің балалар күніні атап өтуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Алға ауылында орналасқан «Омар» мешіті 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай көлемді іс-шара ұйымдастырды. Атап айтқанда осы ауыл  имамы Н.Д Омаров және наиб имам А.Ахметчеевтың ұйымдастыруымен жетім, аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары және сауат ашу курсының шәкірттеріне түрлі сыйлықтар жасалынып, ізет көрсетілді. Мерекелік бағдарлама тоғыз жолдың торабында орналасқан  әйгілі «Ақ Бұлақ» халал кафесінде өз жалғасын тапты. Халал дәмханада бүлдіршіндер үшін дастархан жайылып,  өнегелі әңгімелер айтылды.

Демеушілік көрсеткен кәсіпкер Омаровтар әулетіне мешіт имамдары мен жамағаты алғысын айтуда.Алла елшісінің  Мұхаммед с.ғ.с «үлкенге құрмет көрсетпеген, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес» деген хадисіне  амал және Бас Мүфти Е.Малғажыұлының тапсырмасы осылайша орындалды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз  қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: